Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Етті "картоп" деп көрсетіп, шетелге шығарып жатыр": Ауыл шаруашылығы министрі желідегі жазбаға пікір білдірді

Фото: freepik.com

Әлеуметтік желіде елдегі сиыр етін “картоп” деп көрсетіп, вагондап шетелге шығарып жатыр деген ақпарат тарады. Мәліметке Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрдің айтуынша, әлеуметтік желіде тарап жатқан бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

“Ветеринариялық бақылау комитеті барлық тасымалды тұрақты түрде бақылап отыр. Вагондарда картоптың орнына ет болды дейтіндей бірде-бір жағдай тіркелген жоқ. Әңгіме болып отырған жазба желіден өшірілген. Бұл жалған, фейк ақпарат”, – деді Айдарбек Сапаров.


"Африкаға қарағанда бізде арзан": Ауыл шаруашылығы министрлігі "Бәйтерек" басшысының ет бағасына қатысты пікіріне түсініктеме берді


"Білмеймін, кіріспеймін": Министр Сапаров туыстарының мемлекеттен миллиондаған субсидия алуына қатысты сұраққа ашумен жауап берді


Сондай-ақ министр мұндай тәсілдің техникалық тұрғыдан мүмкін емесін айтты.

“Картоп тасымалдауға арналған вагондарға ет тиеу мүмкін емес. Етті, соның ішінде теміржол арқылы тасымалдау үшін арнайы тоңазытқышы бар рефрижератор вагондар қажет. Оларда тиісті температуралық режим сақталуы тиіс”, – деді ол.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде тексеру жалғасып жатқанын, ал өнім экспортын бақылау күшейтілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Фермерлер сиыр етінің бағасын келісіне 10-12 мың теңгеден сатуды ұсынғаны туралы жазған едік.

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 24 Ақпан, 2026 14:25