Ет және ботқа: Айсәуле сүйікті жануарына ханзаданың асын береді
Өнер адамы болмаса да Айсәуле Бақытбектің өзі де, оның үй жануары да ғаламтор жұлдызына айналған. Бүгінде Айсәуленің желідегі оқырмандар саны миллионға жақындаса, оның иті LA-ның парақшасын 7000-ға жуық жан қызықтап тамашалайды, деп жазады Stan.kz тілшісі.
Осыдан біраз уақыт бұрын Айсәуле итіне Spa-салон іздеп, жұртты бір шулатып алған еді. Есентаеваның қызы бұл әрекетінің оғаштығын кейіндеу түсінген. Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.
«Ит асырауды бала күнімнен армандадым. Бірақ маған рұқсат бермейтін. Себебі анамның не әкемнің аллергиясы бар деп айтатын. Бірақ олай болмай шықты. Итімді барлығы жақсы көріп кетті. Себебі ол сондай тәртіпті. Мәселен, бізбен бірге дастархан басына отырған кезде LA жаныма келіп, мені түртеді. Құдды «маған орындықты жылжытып бер» дегендей… Бізден ештеңе сұрамайды, жай ғана отырады. Сол үшін де оны адам сияқты қабылдайтын шығармын», – дейді Айсәуле.
Сылқым қыздың өзі ғана емес, иті де талғампаз болып шықты. Мәселен, сонау Лос-Анджелестен әкелінген жануар анау-мынау тамақты жей бермейді екен. Ол итке арналған жемді мүлдем менсінбейтін көрінеді.
«Әдетте оған арнайы ботқа әзірлетеміз. Қанша тырыссақ та, қарақұмықты жегізе алмадық. Одан бөлек, тек етпен қоректенеді», – дейді Айсәуле.
Иә, Айсәуле өзінің итіне адам секілді қарайды. Тіпті, болашақта оның жеке өмірін құрып бермекші.
«Әзірге ерте деп ойлаймын. Бірақ оның да толыққанды жеке өмірінің, сұлу әйелінің болғанын қалаймын. Тек кейінірек, себебі ол қазір тым жас», – деп түйіндеді сөзін Айсәуле.
Жіберіп алмаңыз:
Қайрат Нұртас сахналық костюмін “егізіне” сыйлады (видео)
Жігер Ауыпбаев дертіне дауа іздеп Түркияға кетті
Қайрат Түнтековтің өз тағдыры жайлы клипі тыңдармандардың жүрегін елжіретті (видео)
Гүлзира Айдарбекова күйеуінің тойдан 1 000 доллардан кем алмайтынын айтты