Есту қабілеті нашар такси жүргізушісіне жол ақысын төлемеген: Қазақстандық не үшін қашып кеткенін түсіндірді

Фото: Видеодан скрин
Астанада жүргізушінің есту қабілетінің нашарлығын пайдаланып, таксиге ақы төлемей түсіп кеткен жолаушы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жүргізуші Самат тек жігіттің ұялғанын қалайтынын айтқан, басқалай шағымданбаған.
Алайда Ақмола облыстық полиция департаменті қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық белгілері болмағанына қарамастан, желідегі ақпаратқа жедел әрекет еткенін хабарлады.
Полицейлер жолаушының жеке басын анықтау және оны ішкі істер органдарына жеткізу бойынша шаралар жүргізді.
"Сол күні-ақ полицейлер құқықбұзушыны – Көкшетаудың 30 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адамның айтуынша, ол 24 қарашада такси қызметін пайдаланған. Алайда қызмет үшін төлемей көліктен түсіп кеткен", – делінген ведомство.
- "Кейін қатты ұялдым": Құлағы нашар еститін таксисті мазақ қылған қазақстандық блогер сынға ұшырады (видео)
- Алматыда құлағы нашар еститін таксисті мазақ қылған блогер полицияға жеткізілді
Ол мұндай әрекетін қаржылық қиындықтармен түсіндірген. Құқық қорғау органдары жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ақырында ол жолақыны толықтай өтеп берген.
Еске салсақ, Астанада жолаушы жүргізушінің құлағы нашар еститінін пайдаланып, жол ақысын төлемей қашып кеткені туралы хабарлаған едік.
“Не үшін тудық, не үшін бақтық?”: Ата-ананың балаға өзін асырау міндетін жүктеуі қазақстандықтар арасында қызу талқыланды