Эстонияның бұрынғы президенті Арнольд Рюйтель өмірден озды
Эстонияның бұрынғы президенті Арнольд Рюйтель 97-ге қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Delfi.ee порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: РИА Новости / В.Мааск
"Президент канцеляриясы қатты қайғырып хабарлайды. 2001-2006 жылдары Эстония Республикасының президенті болған Арнольд Рюйтель 96 жасында қайтыс болды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Арнольд Рюйтель 1928 жылы Сааремаа аралында дүниеге келген. Ол Эстония Компартиясының ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі хатшысы, Эстон КСО-ның премьер-министр орынбасары, Эстон КСО Жоғарғы Кеңесінің президиум төрағасы және басқа да қызметтерде болған.
Рюйтель 1988 жылы Эстония КСО Жоғарғы Кеңесі қабылдаған тәуелсіздік декларациясын дайындауда маңызды рөл атқарды.
2001 жылы Рюйтель Эстония президенті болып сайланды. Оның өкілеттігі 2006 жылдың қазанында аяқталды. Рюйтель Эстонияның Еуропалық Одаққа және НАТО-ға кіруін қолдаған жандардың бірі.
2024 жылы қазақстандықтар қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды
Еске салайық, бұған дейін қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқанованың қызы Баян Мұқанова қайтыс болғанын жаздық. Оның қайтыс болғаны С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай кешенінде хабарланды. Баян Мұқанова отбасының ғылыми дәстүрін жалғастырып, саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнады. Ол химия ғылымдарының кандидаты болды, ауыл шаруашылығы институтында сабақ берді.