Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есмахан: Махаббатын күйеуге шыққан соң кездестіретін жандар бар

Елімізге танымал әнші Ерке Есмахан махаббат туралы ойымен бөлісіп, “Құлпынай иісі” атты телехикаяны көруге кеңес берді.

4

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осыдан біраз уақыт бұрын Ерке Есмахан желі қолданушыларынан көруге лайық фильмдер мен телехикаялар туралы сұраған-ды. Инстаграмдағы достары берген кеңесті ескеріп, “Құлпынай иісі” атты телехикаяны көрген екен. Аталған телехикая ерекше әсер сыйлап қана қоймай, махаббат туралы пікірімен бөлісуге жетелеген.

“Екі айға созып “Құлпынай иісі” телехикаясын көріп шықтым. Әр нәрсенің жақсы-жаман жағы бар. Бірақ дәл осы телехикаяның кем тұстарын айтқым келіп тұрған жоқ. Әдемі махаббат хикаясы бірінші сюжетінен-ақ баурап әкетті”, – деп аталған телехикаяны көруге кеңес берген жандарға алғыс айтты.

новый коллаж1

Ары қарай “Бірден өмірде де осындай әдемі махаббат, тәтті сезім бар ғой деген оймен отырып көресің. Шынымен, өмірде ғашықтардың сезімі шынайы болса, жасына, әлеуметтік жағдайына қарамай, жұп болып өмір сүру бұйырады. Көз көріп жүрген соң, мысал да көп! Сондықтан махаббат өмірде бар!” деп бұл сезімді қастерлей білуге шақырды.

“Махаббат әр жаста әртүрлі оқиғамен келуі мүмкін. Ащы болса да, шындық, кейбір жан нағыз махаббатын үйленіп (күйеуге шығып) қойған соң да кездестіріп қалады. Тағдырға не жазылмаған?! Алайда, тағы бір ойым қазір жанып тұрған оттай ыстық махаббат жоқ. Болса да ол үшін күресу жоқ” деп көптің көкірегіне екіұшты ой салды.

новый коллаж

Әншінің айтуынша, біз оқыған қисса-дастандардағы сүйгені үшін өмірін құрбан етуге дайын ғашықтар тек әдеби шығармалар мен киноларда ғана өмір сүреді. Мұнымен қатар, әнші достарына аталған телехикаядағыдай кіршіксіз, мөлдір махаббат тіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Ерке Есмаханның Төреғали Төрәлімен арасында қандай сезім барын айтқаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау