Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ескі іргетастар – жаңа мүмкіндіктер: Qarmet ғимараттар мен құрылысты жаңартуды жалғастырып жатыр

Qarmet компаниясы ғимараттар мен нысандарды жаңғыртуды белсенді түрде жүргізіп жатыр. Жаңарту процесінде кейбір цехтарда қолданыстағы іргетас пен инженерлік жүйелерді қалдыру туралы шешім қабылданды. Ал қабырғалар мен шатыр жабыны заманауи, жеңіл әрі жоғары технологиялық материалдармен ауыстырылды. 

Фото: Qarmet

Күрделі құрылыс жөніндегі директор Алексей Сидоренконың айтуынша, ғимараттарды жаңғырту жұмыстары олардың салмағын жүздеген тоннаға жеңілдетіп, заманауи көрініс береді. Қабырғалар мен шатырлардағы ескі бетон плиталарының орнына жеңіл құрылымды сэндвич-панельдер орнатылады.

Фото: Qarmet

"Біз барлық заманауи талаптарға сай жаңа құрылыс материалдарын қолданамыз. Атап айтқанда олар өрт қауіпсіздігіне сай, химиялық әсерлерге төзімді, жылуды оқшайтын, жеңіл жөндеуге және монтаждауға ыңғайлы. Мәселен, ЛПЦ-1 ғимаратында шатырды жаңарту кезінде жеңіл шатыр бөліктері қолданылды. Ал зениттік фонарьдың дизайны полигалмен толтырылған дюралюминий болды. Бұл өнімділікті айтарлықтай жақсартатын заманауи шешім", - деді Сидоренко.

Фото: Qarmet

Бұл инновациялық технологиялар сорғы станциясы, өңдеу цехы мен толық трансформаторлық қосалқы станция сияқты объектілерді жаңғыртуда сәтті қолданылды. Жақын арада ұсталық-баспақтау және фасонды-литейнды цехтарда жұмыстар жалғастырылмақ. Мұндағы негізгі басымдық заманауи жылу оқшаулағыш материалдарды орнату мен сыртқы ортаға әсер ету кезінде құрылымдардың беріктігін қамтамасыз ету болып отыр.

Фото: Qarmet

Компания өз нысандарының көбісін алдағы 3-5 жыл ішінде жаңартуды аяқтамақ. Бұл үй-жайлардың функционалдық сипаттамаларын айтарлықтай арттырып қана қоймай, сонымен қатар компания қызметкерлерінің жұмысы үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасайды. Инфрақұрылымды жақсартуға маңызды үлес қосады. 

Талқылау