Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ескі әнұран шырқалды: Қазақстан Әлімханұлының жекпе-жегін ұйымдастырғандарға наразылық білдірді

Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы бокстан өткен жекпе-жекте Қазақстанның ескі гимні орындалды. Бұл жағдай 4 қазанда Аустралияның Сидней қаласында болды. Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі бұл оқиғаға байланысты ұйымдастырушыларға наразылық білдіріп, ресми шағым жіберетінін мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Іnstagram.com/janibek_alimkhanuly

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан тарапынан ұйымдастырушыларға бірнеше рет ескерту жасалған. Олар 2006 жылы қолданыстан шыққан ескі гимнді қолдануға болмайтынын, барлық рәсімдік нормаларды сақтау қажеттігін ескерткен. 

Алайда бұл ескертулер ескерусіз қалып, Жәнібек Әлімханұлы рингке шыққанда ескі гимн қосылған.

"Біз ұйымдастырушыларды бірнеше рет ескі гимнді пайдаланбауға ескерттік. Бірақ бұл ескертулер еленбеді. Жәнібек Әлімханұлының жеңісі қазақстандық жанкүйерлерді қуантқанымен, бұл оқиға әділ наразылық туғызды", – делінген министрлік хабарламасында.



Бұған байланысты Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі турнирді ұйымдастырушы No Limit Boxing компаниясына ресми наразылық нотасын жіберіп, түсініктеме мен кешірім сұрауды талап ететінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін жекпе-жек басталар сәтте ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосқан. Кадрлардан Жәнібек Әлімханұлының мұны жақтырмай, басын шайқағанын байқауға болады.
Алайда бұл Жәнібектің сағын сыңдырмаған секілді. Себебі отандасымыз – 4 раунд бойы қарсыласынан басым түсті.

Талқылау