Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сусынға есірткі қосып кетеді: Полиция қазақстандық қыздарды сақ болуға шақырды

Астанада қыздардың сусындарына есірткі қосу оқиғалары жиілеп кеткен. Осыған байланысты Астана полиция департаменті тұрғындарды сақ болуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Жағдайдың маңыздылығын көрсету үшін Астана полициясы арнайы видео түсірді. Видеода белгісіз адам қыздың өзі жоқ кезде оның бокалына есірткі қосып жіберген. Алайда бойжеткен сусынды ішпес бұрын экспресс-тестті пайдаланып, есірткінің бар-жоғын анықтайды.

Полиция департаментінің мәліметінше, өткен жылы ел аумағында сегіз мыңнан астам есірткіге қатысты қылмыс тіркелген.


Қазақстанда есірткі өндіретіндерге берілетін жаза қатаңдатылды


"Олардың ішінде сусындарға есірткі заттарын араластыру жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай қылмыстардың құрбандары дәрменсіз күйге түсіп, тонау, зорлық-зомбылық және басқа да қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін полиция сұйықтықтағы есірткіні анықтайтын экспресс-тесттерді қолдануды ұсынады. Мұндай тестті дәріханалардан сатып алуға болады. Олар бар болғаны бір минут ішінде сусында қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі. Бұл әдіс арнайы білімді қажет етпейді және өміріңізді сақтап қалуға септігін тигізеді", – деп мәлімдеді Астана полициясы.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандағы мектептерде балаларға құрамында есірткі бар "құлпынай квик" кәмпиттері таратылғаны туралы ақпарат тараған еді.

Талқылау