Бостандыққа шыққан рэп орындаушы Қаракесекті концертке кіргізбей қойды

Есірткімен ұсталған рэп орындаушы Qaraqesek (Амантай Омаров) бостандыққа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол жақында Ақтөбеде өткен фестивальде көзге түскен. Рэпер ұйымдастырушыларды қолдауға келгенімен, оны сахнаға шығармаған. Кешігіп қалдың деген желеумен әншіні тіпті ішке де кіргізбепті.
Qaraqesek-ке қатысты есірткі сақтау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс әкімшілік іске ауыстырылды. Енді ол сотты күтіп жүр. Оған 160 АЕК-ке дейін (629 120 теңге) айыппұл салынуы мүмкін.
Еске салсақ, осыған дейін рэп орындаушы Qarakesek есірткіге мас күйінде ұсталғанын жазғанбыз.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"