Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есірткі шегіп алып, адам қағып өлтірген: Қостанайда жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Қостанай облысында марихуана тұтынғаннан кейін рөлге отырып, қызды қағып өлтірген ер адамға  сот үкім шығарды, – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Тамыз айында ол есірткі шегіп, Toyota автокөлігіне отырған. Кейінірек оның марихуана тұтынғаны анықталды.

Ер адам жылдамдықты арттырып, Боровской ауылындағы жол қиылысында қызды қағып кеткен. Соттың мәліметінше, 21 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды.

Сот 32 жастағы ер адамды кінәлі деп тауып, 4,5 жылға соттады. Ол сондай-ақ бес жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Сотталушы зардап шегуші тарапқа 3 миллион теңге көлемінде моральдық және материалдық шығын төлеуі тиіс.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда қаптаған ойын автоматтары трактормен тапталып жойылды

Бүгін елімізде Тұңғыш президент күні тойланып жатыр

Оралда миллиондаған пара алған шенеунік 13 жылға сотталды

Павлодарда трамвай қаққан оқушы қыздардың анасы кінәлі әйелден 1,5 миллион теңге талап етті

Талқылау