Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада жолаушы қыздарға тиіскен такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

Өткен жылдың соңында Астана–Қарағанды бағыты бойынша қатынаған жүргізушінің үстінен жолаушылары “тиісті” деп шағым түсірды. Нәтижесінде ер адам 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pexels.com

Ондаған қыз такси жүргізушісінің өздеріне қол жүгіртіп, тіпті есіктерді іштен құлыптап, көліктен шығуға мүмкіндік бермегенін айтты. Зардап шеккендердің бірі істі сотқа жеткізді.

Күдікті астаналық 38 жастағы кәсіпкер болып шықты. Ол әкімшілік кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша айыпталды.

Такси жүргізушісінің табылғанын "Жаңа адамдар" жастар қозғалысының белсенділері хабарлады. Олар бірнеше зардап шеккен қызбен сұхбат жүргізіп, сұхбатты желіге жариялаған. Желтоқсан айында бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, желі қолдаушылары таксистің аты-жөнін жазба астында жазып қалдырды.

“Зардап шеккен қыздың айтуынша, оны шамамен 14 тәулікке қамаған. Қоғамдық айыптау, таксисті ашық әшкерелеу – әзірге жалғыз тиімді әдіс болып отыр”, – дейді "Жаңа Адамдар" қозғалысының азаматтық "ТҰМАР" кампаниясының жетекшісі Ғалия Тузен.



Белсенділер Алматы тұрғындары арасында жүргізген сауалнама нәтижесінде респонденттердің 67%-ы таксиде жыныстық қысымға ұшырағандарын айтқан.

Бұған дейін Алматыда тергеу изоляторында отырған күйеуіне барған әйелге абақты қызметкері тиіскені туралы жазған едік.

Талқылау