Есікте зорланған қыз өзіне төніп жатқан қауіпті айтып желі арқылы мұңын шақты
Біраз уақыт бұрын Есікте зорланған бойжеткеннің оқиғасы елді дүрліктірді. Оқиғаға қатысты сот ісі әлі де талқылауда. Бұл жайлы жәбірленуші қыздың өзі желі арқылы айтты.
Фото: Today.kz
“Достар, мен басымнан өткен жайтты айтқалы отырмын. Менің ісіме қатысты сот отырысы өтуде. Жақын уақытта сот шешімі де шығады. Алайда, маған зорлық көрсеткендер мені қорқытуын қояр емес. Ол өздерін соттайтын болса, бүкіл Есік қаласын маған қарсы қоятындарын айтады”, – дейді ол.
“Мен өз басым үшін емес, туыстарым үшін алаңдаймын. Олардың мен қалай кек алмақ болып жүргенін білмеймін. Мені қолдап жүрген жандар алғысым шексіз. Бірақ, қоқан лоқы көрсетушілер алаңдатып отыр”, – деп жазады бойжеткен желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін бір топ жігіт жабыла зорлаған қыз алғаш рет бейнесұхбат бергенін, куәгердің айтуынша, топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін екенін хабарлаған едік.
Қылмыстық іс сотқа да жолданды. Күдікті ретінде ұсталған төрт азамат бірнеше бап бойынша айыпталып отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Өскеменде мектеп оқушысы өзінен үлкен қызды зорлап тастамақшы болған
Атырауда ер жігіттің жағасынан алған бойжеткен оңбай таяқ жеді (видео)
Әріптестері Мейрамбек Беспаевты қырық жасқа толған туған күнімен құттықтауда (фото, видео)
Жанар Айжанова: Кешеден бері Тұңғышбай ағадан ұялып жүрмін
Астанада жас жігіт төбелес шығарып, қарсыласын талдырып тастады (фото)