Есікте бір топ жігіт жабыла зорлаған қыз алғаш рет бейнесұхбат берді (видео)
Есікте бір топ жігіт зорлап кеткен Жібек Мусинова алғашқы бейнесұхбатын берді.
Бір топ жігіттің құрбанына айналған қыз сұхбатты Exclusive порталына берген.
“Қыздың неліктен тергеудің алдын-ала деректемелерімен келіспегенін білетін боласыздар. Жауапкершіліктен қашу үшін зорлаушылар қандай қадамға баруы мүмкін? Сондай-ақ, басты күдіктінің биографиясы туралы толық мағлұматтар”, – деп жазылған сұхбаттың аңдатпасында.
Қыз қылмысты қараған алғашқы тергеушілердің өзін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрайды. Сонымен қатар, зардап шегуші басты күдікті Алмас Ермековты тасып, оған кеңес берген полицей де жауапкершіліктен қашып кетуі мүмкін деп санайды.
Дегенмен, “Астана” телеарнасының хабарлауынша, зардап шеккен қыздың туыстары зорлықшылардың бірінің отбасы туралы ақпаратты анықтаған. Ол 11 жыл Жібек оқыған мектептен ондаған метр ғана алыс орналасқан көрші мектепте оқыған.
“Біз Алмастың әжесін танимыз. Өйткені біздің атамыз олардың отбасын білетін. Араласып та тұрды. Мен бұл төрт жігіттің де қатаң жазаға тартылуын сұраймын. Кешірім болмайды. Оларды Қазақстаның заңы жазалауы тиіс. Біздің Есікте зорлау әрекеті өте көп. Олардың барлығы сотқа жетпей жабылып қалады”, – дейді қыздың анасы Гүлбадар Мусинова.
Еске сала кетсек, Есікте қызды ұрлап әкетіп зорлау қылмысы 13-інен 14-ші тамызға қараған түні орын алған. Іс қоғамдық резонанс тудырды. Күдікті ретінде 22-29 жас аралығындағы төрт адам аталуда. Олардың барлығы Алматы тұрғындары. Төртеуі де қазіргі таңда ұсталып, қамауда отыр.
Бұған дейін атышулы істі анықтау үшін Талдықорғаннан Алматы облысы ІІД басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Мәсімов келгені туралы хабарланып, күдіктілердің қамалғаны жайлы жарияланған еді.
Оқи отырыңыздар:
Куәгер: Есікте топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін (видео)
Есікте бір қызды жабылып зорлаған топ жігіттің екеуі ұсталды (видео)