"Есік ашылады, бірақ лифт жоқ": Алматыдағы "Премьера" тұрғын үй кешенінде әйел лифт шахтасына құлап кетті
Фото: Threads.com
Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде көпқабатты үйдегі лифт ақауына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Алматыдағы “Премьера” тұрғын үй кешенінде болған. Жазба авторының айтуынша, зейнеткер әйел лифт шахтасына құлап, аяғын сындырып алған.
“Есік ашылған, ал лифт жоқ! Бүгін лифт шахтасына бір әжей құлап, лифт шатырынан түсті, аяғы сынған және ми шайқалған. Бірнеше ай бұрын көршілес үйде де лифт кабинасы келмесе де есік ашылған, абырой болғанда шақырған бала мұны байқап, ішке кірмеген. Сондықтан абай болыңыздар, балаларды жалғыз жібермеңіздер және лифтке кірерде телефон пайдаланбаңыздар”, – деп жазды Threads қолданушысы.
Қала әкімдігі оқиғаны растады. Әкімдік мәліметінше, мамандар зейнеткерді дереу шахтадан шығарып, алғашқы көмек көрсеткен. Әйел ауруханаға жатудан бас тартып, туыстары ешқандай талап-арыз жазбайтындарын айтқан.
Лифт түймесіне түкірген қазақстандық айыппұл арқалады
Әкімдік қызметкерлері лифт жабдықтары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанын, қауіпсіздік жүйесі шахта есіктері ашық кезде кабинаның қозғалуына мүмкіндік бермейтінін айтады.
Қазір мамандар болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Астанда ішінде адамдар болған лифт құлап бір адам қаза тауып, екі адам зардап шеккен еді.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді