"Ешкімге айтқан жоқ едік": Нұрлан Еспановтың ұлы сүйінші жаңалығын бөлісті

Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов жақында әке атанады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сүйінші жаңалықты журналист Анна Данченко жария етті. Былтыр ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той өткізген танымал сазгер әрі әнші Нұрлан Еспанов бұл қуанышты да ерекше атап өтетінін жасырмады.
Ал Олжас Еспанов әке атанатынын көпшілік білмейтінін айтты. Сондай-ақ ол жарының жүкті екенін ата-анасына қалай жеткізгенін де баяндап берді.
“Негізі жүктілік жайлы халыққа жария етпеген едік. Бұл қуанышты жаңалық әуелі отбасымыздың арасында ғана қалды. Алдымен сүйінші хабарды маған айтты, ол кезде екеуміз жеке тамақтануға шыққан едік. Кейін ата-анамызға арнайы торт алдырып, үстіне “Мен жолдамын” деп жаздырып, тосынсый жасадық. Олар бірден түсініп, көздеріне жас алып, қатты қуанды”, – деді әншінің ұлы.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Еспановтың ұлы хейтке байланысты мәселені келіншегімен талқылағаны хабарланған еді.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді