Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіңнен жасы кіші жігітке тұрмысқа шығу – сән": Әнші Ayree күйеуінен үлкен екенін жасырмады

Танымал әнші Ayree екінші рет тұрмыс құрып, жолдасының кіші екенін мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ayreeofficial/

Өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында қонақ болып, жолдасы туралы айтып берді. 

“Біз колледжде бірге оқыдық. Бірақ кейін кездеспей, екі жаққа кеттік. Ол өзінің саласына кетті. Мен әншілік жолды таңдадым. Бір күні жұмыс бабымен жолығып қалдық. Сол кезде өзімде түсініксіз сезім болды. Ондай сезім ешқашан болған емес. Санамда “Мына адамға сенуге болады” деген ой қалыптасты. Содан араласып кеттік. Бірақ Шанхайда ұсыныс жасайды деп ойламадым. Мүмкін, көктемге қарай жоспарлаймыз деп жүрген едік. Ұсынысты қабылдағаннан кейін, туысқандардың чатына жібердім. Ешкім сенбейді. Мені тіпті құттықтаған да жоқ. Бәрі бейнебаян деп ойлапты. Анам шок болды. Әкем: “Дені сау бала ма?!” депті. Құдайдан күйеуімді сұрап едім. Дәл солай берді. Өте жақсы адам. Өз саласының үздігі”, – деді әнші. 



Одан кейін журналист “Күйеуің сенен екі жас кіші екен" деді. Оған Ayree “айтып қойдыңыз ғой" деп қалжыңдап еді, Айнұр Ілиясова “қазір жасы кіші жігіттерге күйеуге шығу сән ғой” деп жауап берді. 

“Жас айырмашылығымыз – 2 жас. Бірақ мүлдем білінбейді. Күйеуім туралы  айтатын, мақтайтын әңгіме өте көп. Шыны керек, мен қалай өзім тіледім, күйеуім қандай болуы керек екенін қалай елестеттім, сондай болып шықты. Сондықтан, қыздар, барлығын армандап, сұрап алыңдар. Ол 200 пайызға орындалады. Мен сыртқы келбеті емес, ішкі мінезін сұрадым. Бәрі сұрағанымдай болды. Өзім бірінші қадам жасап, парақшасына тіркелдім. “Ертең маған “Reels" түсіру керек, идея айтшы” деп жаздым. Содан қарым-қатынасымыз басталды”, – деді өнер иесі. 

Еске салайық, жұлдызды жұп мешітте некелерін қиған еді. 

Талқылау