"Ешкім Астана атын "Жигули" деп өзгерткісі келмейді ғой": Ертісбаев президент кандидатының атын айтып, әзілдеді
Қазақстан халықтық партиясының съезінде Ермұхамет Ертісбаев "Ауыл" партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевпен таныссыз ба деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BaigeNews.kz порталына сілтеме жасап.

Партия төрағасы Дайрабаевпен жекелей таныс емес екенін жеткізіп, сөз ішінде есіміне қалжыңдады.
“Менің ойымша, оның ең болмағанда бес пайыз ұпай жинайтын мүмкіндігі жоқ. Ол сайлауда нөл пайыз көрсеткіш көрсеткен адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енеді. Өйткені Қазақстанда ешкім Астананың атын "Жигули" деп өзгерткісі келмейді ғой", – деп жауап берді Ермұхамет Ертісбаев.
Ол мұны сьезд басында сергіту ретіндегі әзіл ретінде айтқанын жеткізді.
Бұған дейін "Ауыл" партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев әкесінің бұл есімді "Жигули тауындай ұлы болсын"деген ниетпен қойғанын айтқан еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"