"Ешқашан өркениетті ел болмаймыз": Баян Мақсатқызы әйелдерді кемсітетін блогерді сынады
Танымал продюсер Баян Алагөзова әйелдердің құқығын шектейтін ой айтқан блогерге шүйлікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде Жанәділ Райымбековтің "Әйел табысын рұқсатсыз жарата алмайды" тақырыбындағы видеосы таралды.
“Мұндай адамдар бізді әйел адам емес, бір саты төмен деген пікірмен келісуге шақыра берсе, біз ешқашан өркениетті ел бола алмаймыз. Абьюзер еркек әйел оның меншігі болуы үшін Құдайдан бастап бәрінің атын жамылады", – деп ашуланды продюсер.
Сондай-ақ Баян Мақсатқызы басқа да сала мамандарынан блогердің жазалануын талап етті.
“Мына блогерге назар аударуларыңызды сұраймын! Әйелдерді қоғам алдында төмендетуді, қорлауды доғаруды талап етемін!", – деп жазды Баян Алагөзова.
Еске салайық, Тәліптер әйелдерге көшеде сөйлеуге тыйым салды: Ауған әйелдері жаңа заңға ән айту арқылы қарсылық білдіріп жатқанын жазған едік.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін