Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешқандай ойын емес, далбаса әңгіме": Бибігүл Дәулетбекқызы суицид жасаған мектеп оқушыларына қатысты ойын бөлісті

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кеткен мектеп оқушыларының оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bibiguldauletbek/

БАҚ өкілі қанды оқиғаға жауапсыз болған ата-аналарды кінәлады. 

“Алматыда тағы да 12 жасар қыз көп қабатты үйден секіріп қайтыс болды. Бір аптаның ішінде үш қыздың секіріп өлуі — трагедия. Бұл балаларды өлімге итермелеп жатқан ешқандай да ойын емес! Далбаса әңгіме! Немқұрайлылық! Иә, өздеріңіз жіберген қателіктер. Мектептегі буллиң, есірткі заттар және лудомания. Осылай кете береді”, — деп жазды журналист.



Журналистің сөзінше, балаларды бетімен жіберген жұмысбасты ата-ананың көбеюінен осындай оқыс оқиғалар жиілеп кеткен. 

“Себебін тереңнен қазыңыздар! Балаларыңыз сіздер жұмысбасты болып жүргенде далада небір сұмдық қылықтарды жасап жүргенін ұмытпаңыздар! Аналар, суицид жасаған баланың өліміне басқаны кінәламаңыздар! Олардың жауы – есірткі мен лудомания. Мықты болсаңдар, осы жыланның басын шабыңдар! Балаң ақша сұрай берсе, осы екеуінің бірімен ауырады деп ойлаңдар!”, – деді қоғам белсендісі. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда екі оқушы қыз тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды. Кейін оқушы қыздардың жақындары оларды бұған не итермелегенін айтқан еді. Сонымен қатар олар мектептерде телефонға тыйым салуды ұсынды.

Талқылау