"Есеппен тұрмысқа шықтыңыз ба?": Сейфуллин Жолбарыстың сұлу жары хейтерлерге жауап берді
Жуырда әнші Сейфуллин Жолбарыс 50-ге толды. Өнер иесін жұбайы Instagram арқылы құттықтап, оған деген сезімін білдірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
"Жаным, туған күніңмен! Арманда, жалында, тек алға! Мен қасыңдамын, мен жаныңдамын! Қыздарым үшін, жанұямыз үшін саған өмір бойы рахметімді айтып жүрем, сүйем сені! Мәңгі менің егізімсің. Қайда барсақ та, бір-бірімізге оралайық", - деп жазды ол.
Екатерина Лилуя – Сейфуллиннен 14 жасқа кіші. Кей деректерде Катя Сейфуллиннің екінші жары деген ақпарат бар. Алайда Екатеринаның өзі Сейфуллиннің бұрын 2 рет некеде болғанын айтады. 15 жылдан бері тұрмыста болса да, Екатеринаға "біреудің күйеуін тартып алды" деген пікірлер әлі күнге дейін жазылады екен.
"Бұл әлем қызғылт емес. Қазақстанда ажырасулар бойынша статистиканы іздеп көріңіз. Мен өзім әкемнің үшінші, ал анамның екінші некесінен туғанмын", - деді ол.
Сондай-ақ әншінің сұлу да жас келіншегі "есеппен тұрмыс құрған" деп айыптайтындарға жауабын берді.
"Біз танысқан кезде мен 20-ға енді ғана толған қыз, ал ол 35-те еді. Біз өте жас болдық және махаббат, түсіністік пен қолдау іздедік. Іздегенімізді бір-бірімізден таптық. 15 жылдық некеде барлық басқа отбасыларда сияқты көп нәрсе болды. Құдайға шүкір, бәрін бірге өткеріп келеміз және қартайғанға дейін қол ұстасып жүруді армандаймыз", - деді Екатерина.
Айта кетейік, Сейфуллин мен Екатеринаның ортақ некесінен 2 қызы өсіп келеді.