Есентаева бүлдіршіннің әнін қайталаған кісіге $1000 уәде етті
Баян Есентаева желідегі парақшасында сайыс ұйымдастыруда. Продюсер бұл жолы бүлдіршіннің түсініксіз тілдегі әнін айнытпай қайталайтын адамды іздеуде. Талаптары сөздері мен ырғақ, мәтін, әуен өзі көрсеткен мысалдан айнымауы керек.
осы хабарландырудың соңына көптеген желі қолданушылары пікір қалдырған. Бірі жұртты өздерін мазақ етіп әуенді қайталамауға шақырады. Тағы бір азаматтар балақайды қайталау мүмкін емес екенін айтады.
Талқылау