"Сайқымазақтар сияқты": Ертісбаевтың келеңсіз әзіліне Жигули Дайрабаевтың партиясы жауап берді
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ХДП төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевқа мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ауыл" партиясы Ертісбаевтың орынсыз әзілі қазақ қоғамында саясаткердің абыройына түрлі сын тудырғанын айтты.
"Бұл адамның сөздері президент сайлауы қарсаңындағы ашық және шынайы саясат ережелеріне сәйкес келмейді және өз әріптесін құрметтемей, қорлауы болып табылады. Бұл – өз атын шығару үшін жасалған популистік әрекет. Өзге адамның атын келемеждеу әрекеті өзін танытудағы жиіркенішті айла. Бұл азаматтық кемсітушілікпен шектесетін өрескелдік пен әдепсіздіктің көрінісі. Ол партияның басшылары өздерін саяси сайқымазақтар сияқты ұстайды", – деді партия.
Партияның пікірінше, мұндай мәлімдемелерге жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтемейтіндерге қазақ қоғамында орын жоқ.
"Біз "Ауыл" партиясының барша мүшелеріне және еліміздің қарапайым азаматтарына қолдау көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз. Біз сайлаудың адал және әділ өтуін жақтаймыз!" – деп қорытты жиында.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан халықтық партиясының съезінде Ермұхамет Ертісбаев "Ауыл" партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың сайлауда 5 пайыз да дауыс жинай алмайтынын айтып, "Ешкім Астана атын "Жигули" деп өзгерткісі келмейді ғой" деп әзілдеген болатын.