Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресей Қазақстанның мемлекетілігін құрметтеуі тиіс": Мәжіліс депутаты Мария Захарованың мәлімдемесіне жауап берді

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Ресейден Қазақстанның мемлекеттілігін құрметтеуді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азат Перуашев

Перуашев Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың Қазақстанға және біздің елшімізге қатысты айтқан пікірлері орынсыз, қате әрі екі елдің қарым-қатынасының рухына сәйкес келмейтінін айтқан.

"Қазақстан Ресейдің, жалпы Ресей мемлекетінің ұстанымы мен өкілдерін құрметтейді. Сол сияқты Ресей де елімізді және Қазақстанның Ресейдегі уәкілетті өкілі болып табылатын елшімізді құрметтеуге тиіс. Менің білуімше, бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тиісті мәлімдеме жасады, ол бүгін таралып жатыр. Жалпы, мұндай реңк Ресей мен Украина арасында болып жатқан соғысқа байланысты екенін түсінеміз, бірақ Қазақстан ешкіммен соғысып жатқан жоқ, сондықтан біз өз өкілдерімізді құрметтеуді, мемлекеттігімізді құрметтеуді талап етеміз", - деді депутат мәжіліс кулуарында журналистерге сұхбат беріп тұрып.



Еске салайық, 4 қазанда Ресей сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаевты шақырып, Астанаға украин дипломаты Петр Врублевскийдің оралғанына наразылық білдірген еді.

5 қазанда Қазақстан сыртқы істер министрлігі Захарованың мәлімдемесіне реакция білдірген. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров Захарованың мәлімдемесі "Қазақстан мен Ресейдің тең құқылы стратегиялық серіктестер ретіндегі одақтастық қатынас сипатына қайшы келеді" деді.

Талқылау