"Ерте зейнетке шығып, балалары әскери қызметтен босатылады": Үкімет қазақстандық шопандарға жаңа бағдарлама дайындап жатыр
Фото: pixabay.com
Қазақстанда үкімет шопандар мен малшылардың зейнетке шығу жасын төмендетуді қарастыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы депутат сауалына берген жауабында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты. Оның сөзінше, бұл шара 2026–2030 жылдарға арналған жаңа “Мал шаруашылығын қолдау және дамыту” кешенді жоспарының бір бөлігі болады. Жоспарды әзірлеуді президенттің тапсырмасы бойынша жүргізіп жатыр.
Құжатта ауылдық жұмысшыларға әлеуметтік жеңілдіктер де қамтылады. Шопандардың балаларына тегін жоғары білім беру және әскери қызметтен босату қарастырылған.
-
Қазақстанда алдағы уақытта еттің келісі 15-20 мың теңгеге дейін өседі – Сарапшы
-
Картоп биыл да қымбаттай ма – Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді
Министр атап өткендей, мемлекет ет өндірісін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізбек. Субсидиялау механизмдері жетілдіріліп, жылдық 2,5–5% мөлшерлемемен жеңілдетілген кредиттер беру бағдарламалары кеңейтілуде. Сондай-ақ фермерлерді біртұтас өндірістік тізбекке біріктіретін "ет кластерлері" австралиялық технология бойынша іске асырылуда.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?