Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында бейтаныс ер адам кішкентай қызға тиіскен: Полиция бүлдіршін мұны "ойдан шығарды" деп сенбеген

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығына елорда тұрғыны Жетісу облысында тұратын 13 жастағы жиен немере қарындасына көмек көрсетіп, құқықтарын қорғау шараларын қолдануды сұрап жүгінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі білім басқармасы қызметкерлерінің, облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің және тәуелсіз педагог-психологтың қатысуымен жұмыс сапарын ұйымдастырды. Іс-сапар барысында комиссия мүшелері жасөспірімнің тұрмыстық жағдайы талапқа сай келмейтінін атап өтті.

Психологпен әңгімелесу барысында қыз бейтаныс адамнан жәбір көргенін айтты.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің айтуынша, бейтаныс адам жасөспірімнің ернінен сүймек болып, әдепсіз сөздер айтқан. Соны біле тұра, туыстары ешқандай шара қолданбаған. Оқиғаға қатысты жалғыз ағасы шағымданған, ол барлық құзырлы органға жиенін қорғауды сұрап хат жазды.

Полицейлер қыз бұл деректі ойдан шығарды деп, шағымды қабылдамаған.

Нәтижесінде уәкіл өкілі Жетісу облыстық полиция департаменті мен облыстық прокуратураға тиісті сауалдар мен ұсыныстар жолдады.

Қазіргі уақытта Жетісу облысы бойынша ПД Сарқан аудандық полиция бөлімі "Кәмелетке толмағанға қатысты күш қолданбай, әдепсіз әрекеттер жасау" бойынша қылмыстық құқық бұзушылық фактісін сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Талқылау