Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ермахан Ыбырайымов жас келіншегінің жүрегін қалай жаулағанын айтып берді

Олимпиада чемпионы, атақты қазақстандық боксшы Ермахан Ыбырайымов өзінен біршама жас кіші келіншегінің жүрегін жаулау үшін қандай әрекеттерге барғанын әңгімелеп берді. Боксшының айтуынша, ел мақтап тұрған шақта қыздардың жүрегін жаулау қиынға соқпайды. Бұл ретте Ыбырайымов ер азаматтарға қандай салада болмасын жетістікке жету керектігін айтты.

Ермахан Ыбырайымов пен оның жары Айжан отбасылық хикаяларын “Қалаулым” бағдарламасында баяндады, деп жазады Stan.kz.

“Біз 2000 жылы Сидней Олимпиадасынан кейін қонақта таныстық. Содан кейін менің телефонымды сұрастырып алса керек, 2 күннен кейін өзі хабарласып, кездесуге ұсыныс жасады. Осындай Олимпиада чемпионымен отбасын құрамын деген нәрсе үш ұйықтасам түсіме кірген жоқ, бұл кісімен танысу ойымда да болмаған. Сол таныстығымыз үлкен сезімге ұласып, жарты жылдай жігіт пен қыз болып кездесіп жүрдік. 2001 жылдың 28 маусымында шаңырақ құрдық. Құдайға шүкір, биыл үйленгенімізге 16 жыл болды. 5 перзентіміз бар, 1 қыз, 4 ұлымыз бар. Үлкен қызымыз 15-те, кішкентай ұлымыз 7 айлық”, – деп бастады сөзін боксшының келіншегі.

Ал Ермахан Ыбырайымов болашақ жарын өзіне қарату үшін аса қатты тыраштанбағанын айтады.

“Қазақта “ел мақтаған жігітті қыз жақтаған” деген жақсы сөз бар. Чемпион болғаннан кейін, бір сөзбен айтқанда бәрі сені қолдап тұрған кезде қыздардың да саған деген көзқарасы жақсы болады.

Мұнда бойдақ жігіттер отыр екен. Оларға айтарым, 2-3 жылдан кейін белгілі бір жетістікке жеткеннен кейін қыздың жүрегін жаулау әлдеқайда жеңіл болады. Сондықтан да мықты болуларыңыз керек. Спортта болсын, білім саласында болсын… Содан кейін уақытты көп созудың қажеті жоқ. Қыз ұнады ма, үйлену керек. Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша 9-орында, ал халқымыздың саны аз. Біздің ұлан-байтақ жерімізде 100 миллион халық тұру керек. Жастарға айтарым, біздің аналарымыз 10 баладан туған. Құдайға шүкір, қазір жағдайымыз бар. Сондықтан 10 баладан туыңдар”, – деді боксшы жастарға кеңес беріп.

Жіберіп алмаңыз:

Денис Тен мұз айдынға Димаштың әнімен шығып өнер көрсетті (видео)

Қазақстандық «Анджелина Джоли» АҚШ-та бірінші кәсіби жекпе-жегін өткізеді

Головкин мен Альварестің реваншы өтпей қалуы мүмкін

Роналду тағы да әлемнің үздігі атанды (фото, видео)

Талқылау