Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Орынбасаров: Өзіңді жақсы көретін әйел болса, үйге асығып тұрасың

Бұрын отбасылы болған Баян Нұрмышева мен Ерлан Орынбасаров отбасын сақтап қалудың құпиясын бөлісті. Баян ханым қос ғашықтарды сабырға шақырса, Ерлан Орынбасаров махаббаттың құдіретті күш екенін айтады.

20688368_266776827153820_7020734819726262272_n

Сурет: Ерлан Орынбасаровтың жеке парақшасынан

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

“Екі ғашық бір-бірімен жиі әңгімелесіп, бір-бірін жиі тыңдаулары керек деп ойлаймын. Біреуі қатты ашуланғанда, екіншісі сабыр сақтаса, қолдап-қолпаштап тұрулары керек шығар”, – дейді Баян Нұрмышева.

Ал Ерлан Орынбасаров сүйіктісінің қолдауының арқасында көптеген жетістіктерге жеткенін сөз етті. “Үйде сені жақсы көретін адамның күтіп тұрғанын білсең, үйге асығасың. Жақсы көрген адаммен әлемнің қай бұрышында қалсаң да, өмірің мәнді-сәнді болады. Сондықтан, ең бастысы, осы шығар деп ойлаймын”, – дейді ол.

Дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов отбасы неғұрлым ертерек құрылса, соғұрлым ұзағырақ сақталатынын айтады. Бұл сөзіне дәлел де жоқ емес. “Барлығын саралап тұрып айтып бере аламын. Елубай мен Райса, Серік пен Айнұр, Серік пен Индира, Гүлнәр мен Төребек, Әкімжан мен Мәдина – мен сияқты қыз-жігіттер колледж кезінде қосылып, әлі күнге дейін бірге өмір сүріп келеді. Ал мен көріп жүрген іні-бауырларым, 30 жасқа таяу үйленгендер бір-екі жылдан кейін ажырасып кетіп жатыр”,- дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Айдар Тұрғанбек: Қазіргі қыздардың тәрбиесі қиын болып барады

Мирас пен Құралай: Қазіргі жастар дайын нәрсеге үйреніп алған

Рүстем Нұржігіт: Кеңес одағы кезінде ажырасу ұят болатын

Меруерт Түсіпбаева алғаш рет жалғыз ұлының әкесі туралы айтты

Талқылау