Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Біләл заңсыз алған ақшаны қайда жұмсағанын айтты

Алматыда парамен ұсталған М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының экс-директоры Ерлан Біләлдің соты басталды. Ол сот алдында заңсыз алған ақшасын қайда жұмсағанын айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Ерлан Біләлге қатысты ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігімен, 24-бабының 3-бөлігімен “Пара алуға оқталу” бойынша айып тағылды.

Сотқа дейінгі тергеу мәліметі бойынша, Біләл “Сезам” қоғамдық қайырымдылық шығармашылық қорының президенті Қайрат Баяновтан Әуезов театрында жаңажылдық қойылымдар қою үшін 1,5 миллион теңге пара алмақ болған.

Ерлан Біләл алғашында Баяновтан 600 мың теңге алған. Кейін театр ғимаратында қалған 900 теңге пара алу үстінде ұсталған болаты. Ол сот алдында ұсталғанға дейінгі алған ақшаны қайда жұмсағанын айтты.

“Сыйақы туралы келістік, сосын 2 қаңтарда кездесіп, ол маған 600 мың теңге берді. Екінші рет 4 қаңтарда 900 мың теңге берді де, мен сол күні ұсталдым. Кінәмді толық мойындаймын, өкініш білдіремін. Басында Баянов маған өзі ұсынған. Бізде жылда шыршалар, қойылымдар өтеді. Өзі келді. Қазақша айтқанда ризалығын білдіру үшін. Басында соманы да өзі айтқан болатын. 600 мыңды қайда жаратқаным есімде жоқ, қарыздарымды қайтарып жүргенмін. Ешкім қысым жасаған жоқ, кінәмді өзім мойындадым”, – деді Ерлан Біләл сот алдында.

Бұдан бұрын,  күдікті кінәсін мойнына алғандықтан, 1 млн 205 мың теңге көлемінде кепіл сомасын төлеп, кепілмен босатылған болатын.

Айта кетейік, 5 қаңтарда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры басшысы Ерлан Біләлов 1,5 миллион теңге парамен ұсталғаны хабарланған болатын. Кінәсін толық мойындауына байланысты Ерлан Біләлов қамауға алынбады.

Тағы оқыңыз:

Алматыда 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылады

Елордалық блогер аязды күні құстарға қамқор болуға шақырады (видео)

Литваның бұрынғы білім министрі ҚазҰМУ-дың проректоры болып тағайындалды

Талдықорғанда телефонда көп отырма деп ескерту алған оқушы асылып қалды

Талқылау