Ерлан Біләл түрмеден 90 миллион теңге айыппұл төлеп құтылуы мүмкін
Алған парасын 60 есе қылып қайтарсын! Сот алдында жауап беріп жатқан Әуезов театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләлға прокурорлар бүгін бас бостандығынан айыруы емес, айыппұл төлетуді сұрады, деп хабарлайды КТК арнасы.
Әкем театрдың бұрынғы басшысы қаңтар айының басында 1 жарым млн теңге парамен ұсталған болатын. Осы соманы сахнаны жалға алған «Сезам» қуыршақ театрының директорынан талап етіпті. Енді прокурорлар осы қаражатты 60 есе артық қылып, яғни 90 млн теңгені өтеуді талап етуде. Сондай-ақ барлық мемлекеттік наградаларынан, атап айтсақ: «Айбын», «Құрмет» ордендерінен айырылуы мүмкін. Ал адвокатының айтуынша, Ерлан Біләлдің денсаулығы сыр бере бастаған. Сонымен қоса, кінәні бірден мойындап, тергеушілердің жұмысын жеңілдеткені үшін жазасын жұмсартуды сұрап отыр.
Еске сала кетейік, Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл пара алу кезінде ұсталған еді. Бұған дейін Біләл 1 миллион 205 мың теңге көлемінде кепілге ақша төлеген еді.
Оқи отырыңыз:
Қуыршақ сияқты: Образын өзгерткен Жәния Джуринская сынға ілікті (фото)
Сәкен Майғазиевтың келіншегі төртінші перзентіне жүкті болып шықты (видео)
Нұржан Керменбаев атышулы Байзақоваға түсіністікпен қарауға шақырды
Тәстембеков Айқынның Жұлдызға продюсерлік етіп жүргенін растады