Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Керменбаев атышулы Байзақоваға түсіністікпен қарауға шақырды

Түнгі клубта қыздарды шешіндірген соң Айжан Байзақованы бүкіл қазақ қоғамы білді. 22 жастағы қазақ қызы үлгілі әрекетімен емес, жағымсыз қырынан танылып кетті. Алайда қара пиарды жанындай жақсы көретін әртістер Байзақованың айналасында туған дауды қалт жібермей, оны клипке түсірді.

Байзақованы клипке түсірген Alem Band тобы оның актриса ретінде қабілетті екенін айтып, өздерін сынағандарға жауап берді. Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

“Актриса ретінде жауапты, айтқан уақытында келіп, режиссердің айтқанының бәрін орындады. Ешқандай еркелік, жаман қырларын көрсеткен жоқ.

Бейнебаян кезінде артық сөз, артық қимыл болған жоқ. Таза жұмыс. Ешқандай алаңдаусыз 16 сағат жұмыс істедік. Таза әріптес ретінде қарап, жұмысымызды істедік. Бейнебаяннан кейін дос болып араласып кету деген жоқ ешқандай”, – дейді топ жігіттері.

Alem Band-тың айтуынша, өнер жұлдыздарының басым бөлігі олардың жұмысын оңды бағалаған.

“Біткен іске сыншы көп қой. Бірақ өнердегі көп ағаларымыз көрген жерлерінде: “Жігіттер, жұмыстарың жақсы”, – деп мақтап жатыр”, – деп мақтанды олар.

Айтпақшы Alem Band-ты қолдағандардың арасында Нұржан Керменбаев та бар.

“Alem Band-тың продюсерінің үлкен еңбегі шығар деп білемін. Өйткені күні-түні ойлап жүріп, осыны ойлап тапқан. Осы кісіні түсіру керек деген идеяның өзі жақсы жұмыс деп білемін. Өйткені ең бастысы нәтиже”, – деген Нұржан атышулы Байзақоваға кешіріммен қарауға шақырды.

“Негізінде ол қызға кешіріммен қарау керек шығар, қатты сөкпеуіміз керек. Ол да бір қарындасымыз, – дейді Керменбаев.

Ал қобызшы қыздардан құралған “Асыл” тобының пікірі басқа. Олар “атың шықпаса, жер өрте” деген ұстанымға қарсы екендерін жеткізді.

“Өзіміздің дәрежемізді көтеру үшін біреуді пайдалану дұрыс емес. Хайптың уақыты болып тұр. Клипке де сондай адамды түсіреді, әніне де сондай адамды қосып, қасына да сондай адамды ертіп жүретін адамдар бар. Әрине, көпке топырақ шашпаймыз. Әр адам өз санасына байланысты ғой. Бірақ адамдар ол клипті сен үшін емес, басқа адам үшін көреді. Оның несі қызық?” – дейді топ мүшесі Ақерке Бүркітбай.

Жіберіп алмаңыз:

Тәстембеков Айқынның Жұлдызға продюсерлік етіп жүргенін растады

Тойда би жарысқа қатысып, жеңіп шыққан Әуелбекова желіні шулатты (видео)

Асхат Садырбай алғаш рет бірінші отбасы мен ұлы жайлы айтты

Арман мен Аша екінші рет “үйленіп”, той жасады (видео)

Талқылау