Асхат Садырбай алғаш рет бірінші отбасы мен ұлы жайлы айтты

Журналист белгілі тележүргізуші Асхат Садырбай алғаш рет бірінші отбасы мен экс-әйелі Ерке Есмахан жайлы сұхбат берді.

Бұл туралы танымал тележүргізуші «Бақытты әйел» бағдарламасында журналист Мақпал Қаратайға ашық айтты.

Асхат Садырбай алдымен өзінің тележүргізушілікке қалай келгені жайлы әңгімелеп берді.

«Мен облыстық арнада жүрген кезде еден жуған емеспін. Қайта республикалық арнаға келіп, өзім продюсер болған кезде еденді де жудым, шаңды да сүрттім. Продюсер болған кісі ретінде сіз мұндайды жақсы білесіз деп ойлаймын.

Ешқашан тележұлдыз болуды армандаған емеспін. Мен газет немесе радиода жұмыс істеуді жоспарладым. Телеарнаға бірінші рет кастингке барып, өтпедім. Екінші рет,Гүлжан Пернебекова деген журналист мені бірден қабылдады. Алғашқы айлығым 2000 теңге болды»,-дейді Асхат Садырбай.

Продюсер кей кездері  жұмыссыз қалып таксиші болған кезі жайлы айтты.

«Ия, жұмыссыз қалған кездерім болды. Ол кезде көлігім бар, таксиші болып жұмыс істедім. Айтарлықтай, табысым болды. Күн көрісіме жетті.»,-дейді Асхат Садырбай.

Тележүргізуші қазіргі әйелі жайлы да айтып өтті.

«Әрине, қазіргі махаббатым бұрынғыдай емес. Өзгерген. Ол дегеніңіз алғашында менде қызға деген махаббат болды. Қазір әйелге деген махаббат.

Зейін деген ұлымыз бар. Болашақта ағасы Мүсіліммен араласып, жақсы араласады деген үміттемін. Олар еркін, өздерінің бастарын алып жүрсе екен деймін. Олардың қаны бір. Сондықтан алыстамайды деп ойлаймын»,-дейді журналист Асхат Садырбай.

«Мен ешкімді жаман көрмеймін. Жол апатына дейін ренжитін кісілерім бар еді. Үш ай төсекте жатып ойландым. Шыдамдылыққа, тығырықтан шығу жолдарын көруге, сабырға, жағдайды ушықтырмауға үйрендім.»,-деді Асхат Садырбай.

Тікелей эфир барысында Асхат Садырбайға  хабарласқан көрермен отбасы жайында сұрақ қойды.  Сұрақ жұртты қызықтырғаны, тележүргізушінің  экс-әйелі Ерке Есмаханға қатысты болды. «Еркемен араласасыз ба? Қазіргі әйеліңіз қызғанбайды ма?» деді.

«Еркемен араласамын. Келіншегім Айғаным мені қызғанбайды. Себебі Ерке өз алдына кеткен адам. Сүйген жігіті де бар шығар. Оған бақыт тілеймін. Өзіне де ол пейілімді айттым. Ортамызда бала бар. Сол үшін араласамыз.

Еш айқай-шусыз тарастық деп айта аламын. Себебі бұл жағдай қаншама жыл бұрын болған дүние. Оған еш ренжімеймін. Ренжісем де кешіре саламын.

Әйелдердің табиғатына қарсы тұруға болмайды. « Тел өскен ұл» деген фильм бар. Ауылдың орыс жігіттерімен қаладан келген жігіттер қыздармен билиді. Жігіттер сол кезде ауылдың қыздарын қызғанып, төбелесе бастайды.

Сол кезде қыз келіп екеуінің де бетінен салып-салып жіберіп «Қойсаңдаршы болды» деп кетіп қалады ғой. Сол кезде «Ештеңе етпейді. Қыздардың бізді ұрғаны майдай жағады» дейді.

Сол сияқты ғой. Әркімнің басына көтере алатын сынақ беріледі. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бұдан да қиын сынақта жүрген кісілер де бар. Сондықтан мен өміріме еш өкпем жоқ.»,-деді Асхат Садырбай.

Оқи отырыңыз:

Алматылық жігіт әйел кейпінде сұлулық байқауының финалынан өткен соң жігіт екенін мойындады (фото)

Қазақ журналисі: Имамдар бүкіл дәстүрімізді жоқ қылатын түрі бар

Павлодар облысында студент желіде тікелей эфирге шыққан қыз үшін көз жұмды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар