Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркіндік ауылында сібір жарасына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Еркіндік ауылында адамдардың сібір жарасы болжамымен ауруға шалдығуына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

ерк

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Жұқпалы аурулар ауруханасына сегіз адам түсіп, олардың екеуі қайтыс болған. Оларға қатысты лабороториялық зерттеу қорытындысы әлі шықпады. Болжам бойынша адамдар ауруды малдан жұқтырған болуы мүмкін.

“Кеше кешкісін төтенше жағдай жарияланып, әділет органына тіркелді. Қазіргі таңда Еркіндік ауылына баруға тыйым салынды”, – деді облыс әкімінің орынбасары Шагурашид Мамалинов.

Оның айтуынша, облыстық ветеринарлық лаборатория ауыл тұрғыны сойған сиыр етін тексере отырып, “сібір жарасы” деген диагноз шығарған. Қазіргі таңда республикалық ветеринарлық лаборатория нәтижесі күтілуде.

Талқылау