Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еркеліктің неше түрін жасадым": Ерке Есмахан күйеуін қалай қаратып алғанын жасырмады

Ерке әншіФото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуін қалай қаратып алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жеке қарым-қатынасқа қатысты сұраққа жауап берді. 

"Менің бүкіл болмысымды күйеуім ғана біледі. Боқтамаймын десем, сіздерді алдағандай боламын. Ол да бетіме қарап күледі. Қыз-жігіт болып жүргенде еркеліктің неше түрлісін жасадым. Майысып, оған ұнағым келіп ештеңе істемеппін. Керісінше шынайы кіші жүздің рухы мықты, тентек қызы болдым. Қазір керемет келіншекпін", – деп жазды ол.



Сондай-ақ ол Раймның Ерке туралы айтқан видеосын бөлісті. Райм қыз жігіт болып жүріп жүргендеріндегі Еркенің жасаған қылығын айтып берген.

"2017 жылдары қыз жігіт болып жүргенде "Қызық премияға" бір сағат қалғанда екеуміз ұрысып қалдық. Мен жарайды енді қыз баласы ғой деп сахнаға шыққанда әнімді Еркеге қарап айтып, соған арнағанымды білдірдім. Бір кезде ол маған қарап тұрып ортаншы саусағын көрсетті. Менің түрім кетіп қалды сол жерде бірден", – деді Райм. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 29 Қазан, 2025 14:10
Талқылау