"Еркеліктің қандай болатынын үйреттің": Айгүл Иманбаева күйеуіне арнап жазба жариялады
Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/
Өнер иесі екінші рет тұрмысқа шығып, найман еліне келін атанған еді.
“– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе. Менің атым – Ерлан.
– Менің атым – Айгүл.
– Танысқаныма қуаныштымын.
– Мен де.
– Сіздің телефон нөміріңізді алуға бола ма, суреттерді жіберейін деп едім...
Міне, ортақ достарымыз таныстырған кеште, біздің таныстығымыз сонау шет мемлекетте осылай басталды. Қызық, әр адам өзінің өмірлік жарын жүрегімен сезеді екен ғой. Ең бастысы, Құдайға деген сенім. Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен деп, Құдайдан сұрайтын едім. Шын тілесең береді деген де осы шығар және "Көптің тілеуі көл" деген. Сіздердің ақ баталарыңызды өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым! Жаратқанға алғысым шексіз", – деп танысқан сәтті есіне алды өнер иесі.
-
"Әкемді жерлегеніне бір апта болып еді": Айгүл Иманбаева не себепті ұлына той жасамағанын түсіндірді
-
"Ұлым аманаттап тапсырды": Айгүл Иманбаева неке қиған сәтінің видеосын жариялады
Эстрада жұлдызы алғаш рет жолдасының фотосын да жариялап, туған күнімен құттықтады.
“Бүгін менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын. Сен маған әйелдік нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің. Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын жаратқаным. Барлық арман-тілектерімізге бірге жетейік. "Қуанғанға құт қонады" дейді. Маған тілекші болған жандардың бәріне тілек-баталарыңыз мың еселеп қайтсын. Ұрпақтарыңыздың жолы қашан да ашық болсын. Әр әйел бақытты болуға лайық!", – деп жазды ол.
Еске салайық, Желіде Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың 25 жыл бұрынғы үйлену тойындағы фотосы тарады.