Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еркектің аяқкиіміне дейін кигізіп беру керек": Болат Назарбаевтың тоқалының кеңесі желіні шулатты

кеңес бердіФото: https://www.instagram.com/dinaraalzhanofficial

Болат Назарбаевтың тоқалы, әнші Динара Әлжан Kezdesu-ге берген сұхбатында әйелдерге кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қыдырмайтын еркекті “еркек емес” деп санайтынын айтты.

“Бүкіл еркек қыдырады. Мен қыдырмаған еркекті еркек емес деп ойлаймын. Ер азаматтар жүруі керек, қыдыруы керек, оларға уақыт беру керек. Өйткені сен әрқашан бір үйдесің, үнемі сенің жаныңда отырса, ол дамымайды, достарымен қыдырмаса, басқа әйелдермен сөйлеспесе, бұл еркектерді жалықтырады. Қызғаныш та, махаббат та бар. Егер сен ер азаматты шын жақсы көрсең, бәріне шыдайсың”, – дейді ол.

Динара Әлжан ер адамдарды сыйласаң, қолдасаң, ол ешқайда кетпейтінін алға тартты.

“Ер азаматты аймалау керек, сыйлау керек. Сенікі дұрыс деп көніп, аяқкиіміне дейін кигізіп беру керек. Оны сүю керек. Ер азаматты қолдасаң, ол ешқайда кетпейді. Ер азаматты қабылдау керек, ол нәзік, себебі оны аналары мәпелеп өсіреді. Ал қыздар өте мықты болады ғой. Қазір ер азаматтарды көп адам жамандайды, бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Егер ер азаматтар болмаса, біз әйелдер құлпырмайтын едік. Егер біз ер азаматтарды сыйласақ, мәпелесек, бізде бәрі болады деп ойлаймын”, – деді әнші.

Әншінің бұл сөзі желі қолданушыларына жақпай қалды. Олар ер мен әйелдің міндеті – бір-бірін қорғау, ар-намысты сақтау екенін, еркектің құндылығы кыдыруда емес, әрекеті мен жауапкершілігінде екенін жазған.

“Сұмдық! Әйелі бола тұра еркектi кыдыруға итермелеу дұрыс емес. Ер мен әйелдің міндеті – бір-бірін қорғау мен ар-намысты сақтау. Еркектің құндылығы кыдыруда емес, әрекеті мен жауапкершілігінде!”, “Ешкімнің сөзі қызық емес, үйленсем, әйел алсам қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай әйелімді бірінші орынға қойып, өзіміз бақытты өмір сүріп жүре береміз”, “Некесізден жетесіз туады, жетесізден тексіз туады деген атам қазақ. Азып болдық-ау, сірә”, “Сен жетпей тұр едің”, “Қыдыру, қаңғыру мен даму екі түрлі нәрсе, әр нәрсенің өз орны бар, орнымен барлық нәрсе!” – деп жазған олар.

Дегенмен өнер иесінің сөзін қолдағандар да табылды. 

“Мынау қатын емес, алтын ғой”, “Дұрыс айтасың”, “Оқыған, тоқыған, көкірегі ояу, тәрбиелі әйел екен”, “Айналайын-ау, мынау кімнің жары екен”, “Көненің көзі, асылдың сынығы, көкірегі ояу, көзі ашық екен”, “Мына әйелге медаль тағыңдаршы”, “Кімнің қатыны, недеген алтын әйел”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін Болат Назарбаевтың тоқалы, әнші Динара Әлжан марқұммен өткен өмірі туралы айтып, желіні тағы да шулатқан еді.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 18 Қараша, 2025 15:08