"Еркектің әділетсіздігіне көну керек": Тамара Асардың әйелдерге берген кеңесі қызу талқыға түсті
Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/
Желіде танымал әнші Тамара Асардың әйел мен еркекке қатысты ойы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі журналист Дина Төлепбергенмен сырласып, қоғамдағы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын анықтап берді.
“Ағаларыңды өзінен артық сүйемін. Сүю де керек. Ер адамды әйел адам артығырақ сүйіп, әділетсіздігіне де көне білу керек. Артығырақ бас иіп тұрған дұрыс. Оларды ақ қағаздың үстінде жүргізе алмаймыз. Ер адам түзу жүруге тиіс емес. Қазіргі болып жатқан проблема әйелдер әділетсіздікті қабылдай алмағандықтан туындайды", – деді Тамара Асар.
-
"Мені көрген күннен "Мама" деді": Тамара Асар өгей ұлына жазба арнады
-
"Қыздың бәрін ғашық еткен": Тамара Асар досы Мұхамеджан Тазабекті жер-көкке сыйғызбай мақтады
Одан кейін әйелдерге қол көтермеу үшін еркектер қандай іспен айналысатынын да айтты.
“Осы сөзім арқылы әйелдерге қол көтеретін еркектерді ақтап тұрған жоқпын. Бүгінгінің еркектері жауға шапқан жоқ, қырғын көрген жоқ. Сосын іштегі агрессиясын әйелдеріне шығарады. Сол үшін ер адамдар ауыр жұмыс істеп, түзде жүруі керек”, – деді әнші.
@b_altynbekova2 #тамараасар #рекомендации ♬ оригинальный звук - b_altynbekova2

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсылық күтуге болады?
