"Еркекше сөйлескім келді": Димаш Құдайберген "Боратпен" жолыға алмай жүргенін айтты
Фото: https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash/
ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген “Борат” фильміне қатысты көзқарасын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлемге әйгілі әнші "Бизнес под капотом" жобасына берген сұхбатында атышулы фильмді сөз етті.
“Қазір оған назар аудармаған дұрыс. Бір кездері онымен кездескім келген. Еркекше сөйлескім келеді. Өйткені ол біздің ұлтымызды қорлады. Оған күйе жақты. Ол менің ата-анамды, бауырларымды күлкіге айналдырды. Онымен кездесу үшін қолымнан келгенін бәрін жасадым. Тіпті шетелдегі барлық таныстарымды, өзімнің менеджерімді де араластырып, тауып берулерін өтіндім. Бірақ Саша Бароннан еш жауап болмады, – деді Димаш.
Еске салайық, Ресейлік тыңшылар Қазақстан билігін сынау үшін "Боратты" жалдамақ болғанын жазған едік.
Тыңшылар Голливуд актері Саша Барон Коэнді жалдап, оның танымал “Борат” кейіпкері арқылы Қазақстан билігін сынайтын бейнебаян түсіруді жоспарлаған.
Сотта күдіктілер алқабилерге ресейлік қауіпсіздік қызметтері қазақстандық арнайы қызметтерге ұйымдастырылғалы жатқан наразылық акциялары туралы жалған ақпараттар беріп, "олардың ықыласына ие болғысы" келгендері туралы мәлімдеме жасаған.

"Отаға 33 миллион теңге қажет": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлер кесар тілігін жасап, қуығын тесіп жіберді деп айыптады
