Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркек емес, ол есек: Айсәуле Бақытбек жезөкшелерді қамшымен сабаған рэперді байғұс деп атады

Жақында достарыммын кеңседе отырғанбыз. Мынадай жайттың куәсі болдық. Екі қазақ қызы кіріп келіп, саунаның қайда екенін сұрады. Біз таңғала қарап қалдық.

“Осылайша жезөкшелерді бірінші рет көрдім. Олар Сейфуллин көшесінің бойында тұратын, ақша үшін саунаға баратын қыздар. Әп-әдемі қазақ қыздарының осылай жүргені ұялтады. Достарым да отандастарының жүрісі үшін намыстанып қалды.

Осыдан соң жігіттердің екі түрге бөліненітін түсіндім. Олардың нағыз ер азаматтары және ер азамат болып көрінгісі келетіндері болады”, – деп жазады Айсәуле желідегі парақшасында. 

Айсәуле Бақытбек жезөкшелерді қамшымен сабап жазалаған Жан Ахмадиевтің әрекетіне сын айтты.

“Жезөкшелерді қамшымен ұрған жігітті көріп, оның қандай адам екенін түсіндім. Ол да ер азамат ретінде көріну дертіне шалдыққан адам. Елімізде мұндай еркектер көп. Ондай еркектер әйелдерді сыйлауды білмейді, адам секілді өмір сүруіне мүмкіндік бермейді, әйеліне қысқа көйлек кигізбейді. Достарының арасында әйелін өзі басқаратынын айтып мақтанады. Өзін керемет санағандықтан жезөкшелерді «жазалауға» лайықтымын деп есептейді. Шындығында ол өзіне сенімсіз байғұс адам. Мұндай еркектерді күнде көрем. Олар маған қарсы жауап та жазып отырады. Ал, менің достарымның көбін нағыз азаматтар қатарына жатқызуға болады.

Нағыз азамат біреудің ісіне араласпайды, өзін де отбасын да, әйел затын да сыйлай біледі. Нағыз ер азаматтың өзіндік ұстанымдары болады. Ол сол шектен шықпайды. Ал, қыздарды қамшымен жазалаған адам еркек емес, есек”, деп жазады Айсәуле.

Айта кетейік, бұған дейін рэпер Жан Ахмадиев Алматының Сейфуллин көшесіндегі жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабап, ол әрекетін желіге жариялаған еді. Алайда көпшілік мұның жарнама үшін жасалған іс екенін айтып, рэпердің өзін кінәлаған болатын.

Тағы оқыңыз:

Журналист Мөлдір Әуелбекова құрған топтың қыздарына: Сендерге ана емес, сана керек

Жан Ахмадиев: Маған сын айтыпты, бірақ Баян кім елді үйрететіндей?

Баян Алагөзова: Бұрынғының батырлары жерді қорғаған, бүгінгінің батырлары жезөкшелерді қамшымен сабайды

Талқылау