Еркебұлан Тоқтар Нью-Йорктегі атақты Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізбек
Фото:@instagram/erkebulan_toktar
Қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдызы әрі актер Еркебұлан Тоқтар Нью-Йорктегі атақты Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұны ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Осы жылдың соңында Madison Square Garden, иншалла", – деп жазды ол.
Madison Square Garden (MSG) АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан, әлемдегі ең әйгілі ареналардың бірі. Ол спорт, музыка және шоу-бизнес тарихындағы ең ірі оқиғалардың куәсі болғандықтан "The World’s Most Famous Arena" ("Әлемдегі ең атақты арена") деген атауға ие.
Аталған аренада Майк Тайсон бірнеше нокауттық жеңісіне қол жеткізген. Сондай-ақ Мұхаммед Әли мен Джо Фрейзер арасындағы тарихи жекпе-жек те дәл осы MSG-де өткен. Бұдан бөлек, қазақстандық даңқты боксшы Геннадий Головкин (GGG) де мұнда әлемдік деңгейдегі титулдық жекпе-жек өткізген.
MSG-де өткен кездесулердің басым бөлігі тарихи реванштар және ірі бокс кештерінің басты оқиғалары ретінде тарихта қалған.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар қазіргі таңда ең танымал медиа жауынгеріне айналды. Ол соңғы жекпе-жегін 27 желтоқсанда Ташкенттегі "Хумо Аренада" өткізді. Жерлесіміз өзбекстандық Тимур Никулинмен жұдырықтасып, айқасты алғашқы раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді

