"Ерке неке жүзігін лақтырып жіберді": Асхат Садырбай бұрынғы некесіне қатысты шындықты айтты
Екінші әйелін сотқа сүйреп, басы дауға қалған журналист Асхат Садырбай жеке өміріне қатысты шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж: Stan.kz
БАҚ өкілі әріптесі Руслан Өтепбайдың сұрақтарына жауап берді.
Айта кетейік, 2011 жылы журналист танымал әнші Ерке Есмаханмен отау құрды. Олар бала дүниеге келген соң көп ұзамай ажырасып кетті. Тіпті әнші экс-күйеуінің қол көтергенін де айтып, тоғыз ай бойы күйзеліске түскенін жасырмаған еді. Асхат оны жоққа шығарды.
“Жоқ, ұрған жоқпын. Бұл ұзақ әңгіме, оған тоқталғым келмейді. Оның отбасы бар. Ол жайлы ештеңе айтқым келмейді. Оның бұрынғы өткен өмірін қозғап не істейміз?! Біздің ажырасуымызға қол көтеру себеп болған жоқ. Біздің баламыз өмірге келді. Келістік, бөлек кететін болып шештік, мен оған тек бақыт тілеп қалдым", – дейді медиа маманы.
-
"Үйді анасының атына аударды": Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі ел алдында жан сырын ақтарды
-
"Ерке ұлын бір жыл көрсетпей қойды": Асхат Садырбайдың екінші әйелі тың деректі бөлісті
Сондай-ақ әнші ажырасқан кезде күйеуінің сыйлаған сыйлықтары мен алтындарын алып қалғанын да жайып салған еді.
“Әйел эмоциямен айтады ғой. Екеуміз некелескенде тағылған неке жүзікті ажырасып жатқан кезде Ерке лақтырып жіберді. Мен оны көтеріп, тағы да қосылып қалармыз деп алып кеткенмін. Басқа алтындарды алмадым", – деді ол.
Еске салайық, Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі оның ұрып-соққанын айтты. Журналист бұл айыпқа жауап бергенін жазған едік.