Ерке Есмаханның даусымен ән айтқан Серік Ибрагимов желідегілерді күлдірді (видео)
Серік Ибрагимов әріптесі Ерке Есмаханның даусымен ән айтып тұрған видеосын жариялап, жұртты күлкіге қарық қылды, деп жазады Stan.kz.
Мақпал Исабекованың репертуарындағы “Хабарласпа” әнін “орындаған” Серік шын мәнінде жазбадағы дауыстың кімге тиесілі екенін сұрап, тыңдармандарына қолқа салды. Желідегілердің басым бөлігі Еркенің даусын бірден таныған. Бір қызығы, фолловерлердің арасында Еркені Мақпалға ұқсатқандар да болды.
“Супер, Ерке сізді осылай ән айтады деп ойламаппын”, “Бұл Еркенің даусы”, “Жоқ, Мақпалдың даусы”, “Мақпалдың даусы екені білініп тұр ғой”, “Даусыңыз күшті екен”, – деп тамсанды желідегілер.
Өз кезегінде Ерке өзінің даусын танығандарға алғысын жеткізді:
“Менің даусымды танығандарыңызға рахмет, бұл менің даусым”.
Жіберіп алмаңыз:
Мәди: Әкемнің көзі тірі болса, Рымбаев деген тегіме қарсы болмас еді
Қазақстандық жұлдыздар той әндерін үлкен сахнаға алып шығатын әріптестерін сынады
Баян Мақсатқызының экс қайын әпкесі: Бізді бар шындықты айтуға мәжбүрлемесін