Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан: Жаман жолға түсіп, аға-көкенің соңында жүруге менің құқығым жоқ

Бүгінде Ерке Есмахан қазақ эстрадасындағы ең жұлдызы жарық әншілердің көшін бастап тұр. Алайда таяқтың екі ұшы болады демекші, танымалдылықтың да Еркеге тигізіп жатқан кесірі ұшан-теңіз. Ол әйгілі болғанының кесірінен жағымсыз сөзге жиі ілігетінін айтады. Ерке Есмахан Tengrinews.kz сайтының The Эфир бағдарламасына сұхбат берді.

Әнші әсіресе, өзін әртүрлі жігітпен қосып қоятындарға деген ренішін жеткізді.

“Мені әрқашан бір жігітпен, еркекпен қосып қояды. Мен мысалы Мәскеуге құрбыммен демалуға барамын. Бір олигархпен демалып жатыр екен деп шығады. Бір жерге барып демалайын десең болды, қасыңа біреуді жабыстырып қояды. Сондай таяздыққа таңғаламын. Егер мен біреумен демалып жатсам да, ол менің жеке өмірім ғой. Мені түзетпей-ақ қойыңыздаршы”, – дейді Ерке.

Бүгінгі танымалдылығым – еңбегімнің арқасы! Ерке Есмаханның жұртқа берер жауабы осы. Әншінің шетелге жиі шығатынын көрген жұрт оған “қайырымдылық жаса” деп ұрсатын көрінеді. Алайда Ерке игі істі жасырын түрде жасаған дұрыс деген пікірде. Ол саяхатқа шығу үшін “аға-көкенің” көмегіне мұқтаж емес екенін айтады.

“Мен музыкалық колледжде, академияда оқып, өзім еңбектеніп, қаншама сынақтан өтіп, осындай Ерке Есмахан болдым. Концертімді беріп, тойларда адамдарға көңіл сыйлап, қаншама жетістікке жеттім, бүлдіршіндер менің әнімді айтып жүр. Бірақ жаман үлгі беріп отырған қыз емеспін ғой. Мені келіп табалап, ажырасса болды біреумен жүреді деп әңгіме шығарады. Жеке өміріміз халықтың алдында, сондықтан да бізге мін тағылатын шығар. Ал басқа сала өкілдерінде де неше түрлі тағдыр бар. Сондықтан да қатты сынамаңыздар деп айтар едім.

Әкем қазақ тілі қоғамының төрағасы, шешем қандай тәрбие берді, ағам дін жолында, үлкен ағам білім жолында. Сондықтан да менің жаман жолға түсіп, аға-көкенің соңында жүріп, еңбектенбей, тек қана дайын ақшамен шетел аралап, барды киіп, барды тағып жүруге менің құқығым жоқ”, – дейді Ерке ағынан жарылып.

Жіберіп алмаңыз:

Айқынды депутаттар жиынынан көрген халық таңғалып қалды

Сәби күтіп жүрген танымал бикештер (фото)

Жазушы Дидар Амантай Гүлбаршын Тергеубековамен некеде болғанын жоққа шығарды

Әлемдік турне: Майғазиев Америкада концерт беріп, Меккеге қажылыққа аттанбақ

Дастан Оразбеков отбасымен бірге ауруханаға түсіп қалды

Талқылау