Ерке Есмахан “асығыс” түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті (видео)
Ерке Есмахан басты рөлдерді өзі мен актер Асылхан Төлепов сомдайтын “Еркемін” атты бейнебаянының тұсауын кесті.
Фото: instagram.com/assylkhantolepov/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Күні кеше актер әрі депутат Асылхан Төлеповтың Баян Есентаева күйеу бала болғысы келіп жүргені туралы айтылған-ды. Алайда шынайы өмірде емес, Есмаханның “Еркемін” атты бейнебаянында. Екі апта ішінде түсірілген бейнебаянның тұсауы кесіліп, тыңдармандар өз бағасын берді.
Тыңдармандардың айтуынша, шоу-бизнес саласында он жылдан бері тәжірибе жинап үлгерген Есентаева ханым халықтың талғамын танып білгендей. Ерке Есмаханға арналған кезекті туынды ретро стильде түсірілген. Мұнымен қатар, бейнебаянды небәрі 1-2 апта ішінде түсірген.
Бейнебаянды бір тәулік ішінде 50 мыңнан астам адам көріп, түрлі пікір білдірген. Бірі “Еркеге ауыл қызының рөлі жарасады. Бейнебаян өте сапалы шыққан”, “Маған ұнады. Бірақ Асылхан кішкентай бауыры сияқты көрінді маған. Кішкене “брутальный” жігітті алғанда, одан да керемет болар еді” десе, енді бірі “Алло” бейнебаянына жетпейді. Мен үшін Төреғали, Мейрамбек Беспаевтар секілділер ел баласы болмақ. Еркенің билегені, қозғалғаны ұнаған жоқ. Бейнебаян онша емес. Асылхан томпиған бөпе сияқты Еркенің қасында” деп пікір білдірген.
Мұнымен қатар, желі қолданушылары аталған бейнебаянның асығыс түсірілуіне Баян Есентаева мен Төреәлі Әлиханов екеуінің арасындағы даудың себеп болғанын айтып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Асылхан Төлепов Баян Есентаеваға күйеу бала болмақ
Ерке Есмахан киімін сынайтындарға өз жауабын берді