Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еріншек сұлу бола алмайды: Баян Мақсатқызы сұлулығының құпиясымен бөлісті

Белгілі продюсер Баян Алагөзова сұлулығының құпиясымен бөлісті. Ол еріншек әйелдің ешқашан да сұлу бола алмайтынын кесіп айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Еріншек сұлу бола алмайды. Менен жастық пен сұлулықты қалай сақтауға болады деп жиі сұрайды, менің жауабым – тек қана еңбекпен. Өздігінен ештеңе сақталмайды. Ең алдымен, отырып тұрып жаттығу жасаңыз, таңертең де, кешке де 20 реттен. Тәттіден, қуырылған, майлы, ащы және тұзды тағамдардан бас тартыңыз. Газдалған сусындарды мүлдем ішпеңіз. Тәрелкедегі тамақтың тек жартысын тауысыңыз. Тек газдалмаған, жылы су ішіңіз. Күніне кемі екі литр. Қысқасы, сұлулық әлсіз адамдарға қолжетімсіз. Ең бастысы, сұлу әйел – ол мейірімді әйел. Оның жүзінің түсі басқа. Ол іштарлық дегенді білмейтін, басқалар үшін қуана алатын, кішіпейіл әрі өзгеге жақсылық ойлайтын әйел. Әрі қарай да жалғастыра берейін бе?” – деп бөлісті Мақсатқызы Instagram-дағы ресми парақшасында.

Желі қолданушыларының басым дені Баян Мақсатқызының пікірімен толықтай келісетіндерін атап өткен.

Оқи отырыңыз: 

Заттыбек Көпбосынұлы көкпар бергені үшін жерден алып, жерге салғандарға жауап берді

Толық, шаршаңқы, жылауық: Қазақстандықтар Салтанат Бақаеваға қолдау білдірді

Қазақстандық әнші өзінің тегін “дөрекі” деп санап, оны ауыстырғанын мәлімдеді

Қайрат Нұртас: Әке болып, үйде отырғым келеді (фото)

Талқылау