ERG кәсіпорындары Қазақстандағы үздіктер деп танылды

ERG құрамындағы "Қазақстан алюминийі" АҚ Павлодар алюминий зауыты республикалық "Парыз" әлеуметтік жауапкершілік байқауында күміс жүлдеге ие болды.
Зауыт "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын" аталымында ірі бизнес нысандары арасында озық шыққан.
“Кәсіпорындағы қауіпсіздік – біздің негізгі басымдығымыз. Республикалық байқаудағы бұл марапат – зауыт қызметкерлерінің ортақ жеңісі. Барлық талаптарға сай болу үшін бірлесіп, ауқымды жұмыс жүргіздік. Оның басты нәтижесі – өндірістегі жарақаттану деңгейінің айтарлықтай төмендеуі”, – деді ПАЗ директоры Айтуған Ахметов.
Еңбекті қорғау жөніндегі басшы атап өткеніндей, ПАЗ-да қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз ету нормалары заңнамалық талаптардан әлдеқайда жоғары. Бұл да өз кезегінде жұмысшылар үшін жайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етеді.
Тамақ пен сүттен бөлек, қызметкерлер спорт зал, бассейн, шипажай мен демалыс орындарының қызметтерін тегін немесе жеңілдікпен пайдалана алады. Ал кәсіптік аурулар бойынша жағдайлар зауытта соңғы 7 жылдан бері тіркелген жоқ.
"Қазхром" ТҰК" АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинаты "Кадр даярлауға қатысушы үздік кәсіпорын" аталымында Гран-при иегері атанған.
“Компания үшін де, серіктесіміз үшін де үлкен жетістік. Жұмысшы мамандықтар жылы және "Қазхром" компаниясының 30 жылдық мерейтойының лайықты қорытындысы. Колледждің мықты білім беру базасының арқасында студенттер халықаралық кәсіби шеберлік байқауларында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Ал түлектер қысқа уақыт ішінде өз ісінің білікті маманына айналып, көпшілігі бүгінде кәсіпорнымызда жауапты қызметтер атқаруда”, – деді Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Бауыржан Утемисов.
Қос кәсіпорынның жеңісі – ERG-дегі өнеркәсіп қауіпсіздігі мен маман даярлау бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың жемісі.
Қазақстандық әйел ұлын жапониялық мектепте оқытқаны үшін Жапон үкіметінен жәрдемақы алады