Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ерекше толқып жүрмін”: Михаилдің әкесі ұлының жетістігіне қуанып, көзіне жас алды

“Ерекше толқып жүрмін”: Михаилдің әкесі ұлының жетістігіне қуанып, көзіне жас алдыФото:Aqorda

Мәнерлеп сырғанаудан Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тарихи жетістікке жеткен Михаил Шайдоровты, оның әкесі Станислав Шайдоровты және жеке бапкері Алексей Урмановты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада қабылдады.

Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав баласының жеңісіне толқып жүргенін айтып, көзіне жас алды.

"Мишаның жеңісінің арқасында Ақордаға келгеніме таңғалып, қуанып тұрмын. Қазір бойымда ерекше толқу бар. Таңданысымда шек жоқ. Тіпті не істерімді білмеймін. Бірақ барынша сабыр сақтауға тырысып тұрмын. Кішкентай Мишаны конькиге өзім әкелдім. Кейін жарыстарға қатысып, бәсекеге түсіп үйренді. Кейде жеңді, кейде жеңілді. Осылайша бойында мінез қалыптасты, спорттық мансабы басталды. Менің басты мақсатым оны спортқа бейімдеу еді. Өйткені спорт тәртіпке үйретеді, еңбекке баулиды. Сондай-ақ өзін-өзі тануға көмектеседі. Адамның жан-жақты қалыптасуына ықпал етеді. Маған оның чемпион болғанынан гөрі тәртіпке бағынып, отансүйгіш болып өскені маңызды болды", – деді Михаилдың әкесі.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров Милан Олимпиадасында қысқа бағдарламада бесінші орын алған еді.

Дегенмен ол еркін бағдарламада рекордтық 198,64 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды.


"Нағыз триумф": Тоқаев Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады


Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер кілті сыйға берілді


Жарыс барысында Михаил Шайдоров алғаш рет бес төрттік секіру элементін сәтті орындады.

Осылайша ол Қазақстанға 32 жылдан кейін қысқы Олимпиаданың алтын медалін сыйлады.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 25 Ақпан, 2026 19:20