Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерекше қажеттілігі бар балалардың қолын қайырып қинаған: Алматыда коррекциялық орталық қызметкері қамауға алынды

Фото: Видео кадрларынан скрин

Алматыда ата-аналар ерекше қажеттілігі бар балаларды жүйелі түрде ұрып-соқты деп айыптаған коррекциялық орталық қызметкері қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін Алматы қаласы Алмалы аудандық Полиция басқармасы коррекциялық орталықтардың бірінің қызметкеріне қатысты заңсыз әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

“Жедел-тергеу шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, куәгерлер мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынуда. Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында”, – делінген хабарламада. 



Еске салсақ, Желіде Алматыдағы орталықта балаларды қинап жатқан видео тараған еді. Онда ол ерекше қажеттілігі бар балалардың қолын қайырып, күш көрсеткені көрінген.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 04 Наурыз, 2026 10:22