Ердос Қанаев жоғалтып алған әйелін 5 жыл дегенде әрең тапқан
«Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев жары Айданамен танысқан соң оны жоғалтып алғанын айтты. Әнші бір көргеннен ұнатқан сүйіктісін 5 жыл дегенде әрең тапқан.
Бұл туралы Ердос «Еуразия» арнасына берген сұхбатында айтты.
Ердостың таңдаған жарының есімі Айдана. Әнші өзге әріптестестерімен салыстырғанда үйленгенін жасырған емес. Орамал таққан келіншегін отандық бағдарламаларға талай мәрте қатыстырған. Ердостың айтуынша, Айдана бес саусағынан өнер тамған шебер тігінші. Тіпті, әншінің сахналық костюмдерін ара-тұра жары тігіп беретін көрінеді.
«Келіншегіммен 2004 жылы Ақтөбеде қонақта таныстым. Адам баласы өмірлік жарын көрген кезде сезеді ғой, сол сияқты мен де оны бір көргенде жарым болатынын білдім. Маған ол кісінің қарапайымдылығы мен көп сөйлемейтіндігі ұнады.
Біздің өміріміз Ескендір Хасанғалиев ағамыз бен Дарико апайымыздың өміріне қатты ұқсайды. Ол кісілер де басында танысып, жолығып жүрген. Кейіннен бес жылдай бір-бірін жоғалтып, қайтадан іздеп тапқан. Менде де сондай жағдай. Мен ол кісіні жоғалтып алдым. Хабарласпай кеттік, оның тұрғылықты жерін де білмейтін едім. Қазіргідей ғаламтор деген жоқ”, – дейді Ердос.
Бір қызығы, Ердос болашақ жарын оның әкесі арқылы тауып алған. Айтуынша қайын атасы «Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдірайымовпен жақын дос болып шыққан.
«Аллаға шүкір, тапқан соң қайтып жоғалтып алмайтындай бекем ұстадық. Тағы да іздеп жүретін бес жыл уақыт жоқ деп сөз салып, ата-анасының рұқсатын алып отбасылық өмірді бастадым”, – дейді Қанаев.
Жіберіп алмаңыз:
Бас қосқанына жарты ғасыр болған Димаштың ата-әжесі алтын тойын жасамақ (фото)
«Қалаулым» қатысушысы шоу арқылы танылып, Instagram-нан қыруар ақша тауып жүргенін мойындады
Сейдуалиева: Шоу-бизнестегі мақтаншақтық пен ысырапшылдық үшін ұяламын
“Жігіттер” квартетінің әншісі аязды күні жүргізушілерді жақсылық жасауға шақырды (видео)