Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерболат Құдайберген: Халыққа ұнау қиынырақ болып кетті

Бүкіл әлем танитын Димаштың жетістігін қайталағысы келеді ме екен, кім білсін, әйтеуір әнші Ерболат Құдайбергенов те шетелге танылу мақсатында біраз тер төгіп жүр. Бір қызығы, әнші шетелге танылудың бір жолы ол орыс тіліндегі әндер деп біледі. Сол себептен орысша әндерді топырлатып жазып тастапты. Сөйтіп, алдымен Ресей елін бетке алмақ.

Ерболат Құдайберген

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Жалғыз Ресейге емес, бүкіл ғаламға әйгілі болсаң ол қандай бақыт деген. Бізде қазіргі ең үлкен өңір – жанымыздағы держава Ресей елі. Көптеген ұлттар бар», – дейді әнші Ерболат Құдайберген.

Ерболат осы жылы шығармашылығын мықтап қолға алуды шешкен. Бірнеше жыл бұрын Ресейді жаулаймын деген хит әнші Қайрат Нұртастан түк шықпады. Заманауи рэп, хип-хоп және  реггетон стильдерін шебер үйлестіре білген Ерболат расымен де Ресей халқының жүрегін жаулауы әбден мүмкін. Тіпті, ол үшін арнайы жоба да ойластырып қойыпты.

«Бизнесті қолға алып жатырмыз. Тек Ресей ғана емес, Қытай елдеріне де қытайша альбомның басы басталды. Екі трегіміз бар. Көрші ұйғыр аудандары бар. Циз-Ян округ сол жақта да ұйғырша да өзіміздің синглымыз бар. Осы жақтан жоба ашып, ол жобаның жетекшісі Павел Вайткеевич деген продюсер болады. Қолға алып келе жатырмыз», – дейді әнші.

Сахнада көп көрінбей кеткенін Ерболат халықтың талғамын түсіне алмай жүргенімен түсіндіреді. Бұрынғыға қарағанда қазір әнді жарыққа шығару қиын болып кеткенін мойындайды.

«Көп ақпарат арасынан ашып, 3-5 минут әніңмен көрініп, халыққа ұнау деген қиынырақ болып кетті», – дейді әнші Ерболат Құдайберген.

Оқи отырыңыз:

Сейфуллин Жолбарыс әнші Бақыт Шадаеваның үйін тартып алған

Қазақстандық режиссер Иван Дорнға Африкада бейнебаян түсіріп берді (видео)

Айнұр Тұрсынбаева: Айдаладағы жезөкшелерді неге насихаттауым керек?

Оразбеков: Ерболат 91 тобын құрып, “Орданың” жұмысын тоқтатуды он жыл бұрын жоспарлаған

Талқылау