Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адамның әйелін шын сүйетінін мынадай әрекеттеріне қарап білуге болады

«Сүйем» деген сөзді әркім-ақ айта беруі мүмкін. Ал, шынайы сезім сөзбен емес, іспен дәлелденеді. Ер адамның шынайы сезімін оның әрекеттеріне қарап-ақ білуге болады.

Ер адамның әйелін шын сүйетінін мынадай әрекеттеріне қарап білуге болады

1.Күн сайын «Қайырлы таң!» деуі

Егер сүйіктіңіз сізге күн сайын осы сөзді айтатын болса, ол сізді күнделікті ойлайтын жан.

2.Ол сіз келгенде үнемі қуанады

Ер адам қаншалықты шаршаңқы болса да, сізді көргенде қабағы қатулы болмайды.

3.Ол әрқашан сізді мұқият тыңдайды

Сіз тоқтаусыз сөйлейтін адам болсаңыз да, ол сіздің сөзіңізді бөлмейді. Және көп сөйлейтініңзді бетіңізге баспайды.

4.Ол сіздің пікіріңізбен санасады

Егер сіз оған шаш үлгісінің жараспайтынын айтсаңыз немесе әлдебір жұмыстың қажетсіз екенін айтсаңыз, ол өзі қаламай тұрса да одан бас тартады.

5.Ол төсекке жатқанда сізге көп орын береді

Сіздің емін-еркін жатуыңызды ойлайды. Қамқорлығы сондай тіпті ұйықтап жатқанда да сізді ойлайды.

6.Көмек керек кезде әркез жаныңыздан табылады

Жұмыс күніңіз ауыр өтсе, азық-түлік алуға қиналып тұрсаңыз немесе ауырып тұсаңыз үнемі жаныңыздан табылады.

7.Маңызды күндерді ұмытпайды

Ол сіздің туған күніңізді, атаулы күндерді ұмытпаса, яғни ол үшін де маңызды болғаны.

8.Сізді себепсіз қуантуға тырысады

Сіздің жақсы көретін тәтті тағамыңызды немесе басқа затты әкеліп жүреді. Бұл сізді жақсы көретінінің, ойлап жүретінінің белгісі. Ол сіздің қуанғаныңызды көргісі келеді.

9.Сізге ұнайтын нәрседен ол да ләззат алады

Ол теннис матчына жазылып қойғанына қарамастан сіз сұраған жаққа бірге барады.

10.Екеуара романтикалық кеш жасап жүреді

Ол үшін романтика деген төсек қатынасы емес. Ол үшін сізбен бірге уақыт өткізгеннің өзі керемет сезім.

11.Ол сізбен мақтанады

Сіздің қандай да бір жеңісіңіз ол үшін мақтаныш. Ойлаған ісіңізге қол жеткізе алмасаңыз да, ол сізбен мақтанады.

12.Ол сізді қорғап жүреді

Ол сізді достарының алдында да, өзге адамдар алдында да қорғап жүреді. Өмір бойы сізді қамқорлығында ұстайды. Сондықтан сіз өзіңізді бақытты сезінетін боласыз.

 

 

Талқылау